Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"80-жылдары салынған": әкім Алматыда лай көшкінінен қираған үй туралы айтты

Опубликовано:

Лай көшкіні жүрген аумақ
Алматыдағы лай көшкіні жүрген аумақ. Фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Медеу ауданының әкімі Еркебұлан Оразалин Алматыда көшкін кезінде зардап шеккен үй туралы айтты, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

"Бұл - ескі үй. Қателеспесем, 80-жылдары салынған. Оның құжаттары дұрыс. Жеке тұрғын үй. Бірақ жаңа қала жоспарына сәйкес, қайта құру және реконструкция мүмкіндіктерін одан әрі шектеу мақсатында Р-1 аймағына көшірілді", - деді әкім.

Оразалин сондай-ақ магистральдық су құбыры қала балансына өткенін атап өтті. Бірақ көптеген тарату желісі дербес салынған.

Еске сала кетейік, бүгін түнде Медеу ауданында лай көшкіні жүріп, екі үйге зақым келген. Оқиға орнына құтқарушылар мен төтенше жағдайлар қызметінің басшылығы келді.

Кейін Төтенше жағдайлар министрлігіндегілер алдын ала мәлімет бойынша, оқиға кезінде үйде төрт адам болғанын, олардың екеуі бала екенін, құтқарушылар оларды іздеп жатқанын айтты. Сондай-ақ төтенше жағдайға байланысты Досаев бүгінге жоспарланған халықпен кездесуін кейінге қалдырғаны белгілі болды.

Сондай-ақ оқиға орнынан бір адам өлі табылды деген ақпарат тарады. Кейін бұл мәліметті Төтенше жағдайлар департаментіндегілер де растады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/2059851-80-zyldary-salyngan-akim-almatyda-lai-koskininen-qiragan-ui-turaly-aitty/

pixel