Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Қазселденқорғау" Алматыдағы лай көшкінінің себебін атады

Опубликовано:

Алматыдағы лай көшкіні
Алматыда лай көшкіні жүрген үйлер. Фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

"Қазселденқорғау" ММ Алматыдағы лай көшкінінің басты себебін атады. Ведомство ақпаратынша, баурайда құбыр жарылған, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

"2024 жылғы 8 ақпан күні сағат 02:20-да тау баурайының орта бөлігіне тартылған су құбырының жарылуы салдарынан топырақ ылғалданып, кейін лай Алматы қаласы Медеу ауданы Тау Самалы ықшам ауданы, Олимпийская көшесіндегі №3А және №3 үйлерге аққан", – делінген "Қазселденқорғау" ММ ресми Instagram парақшасында.

Лай көшкінінің болжамды көлемі шамамен 3200 м³, дейді олар. Генезисі бойынша көшкін техногендік болып жіктеледі.

"Тау беткейі балшық тәрізді саздақтардан (шөкпе топырағы) тұрады, бұл аймақтағы еңістің тіктігі шамамен 45-50 градус. Лай көшкіні Олимпийская көшесіндегі қосалқы құрылыстары бар №3А тұрғын үйді қиратып, және жақын маңдағы №3 үйді ішінара зақымдады. ", – деп қосты департаментте.

Естеріңізге сала кетейік, бүгін түнде Медеу ауданында сел жүріп, екі үй қираған. Оқиға орнына құтқарушылар мен төтенше жағдайлар қызметінің басшылығы келді.

Төтенше жағдайлар министрлігі алдын ала мәлімет бойынша, оқиға кезінде үйлерде төрт адам болғанын, оның екеуі бала екенін айтты. Кейін құтқарушылар отбасының төрт мүшесінің де денесін тапты.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/2059903-qazselqorganys-almatydagy-koskinnin-basty-sebebin-atady/

pixel