Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Өскеменде жол апатынан алты адам зардап шекті

Опубликовано:

Бір-біріне соғылған көліктер және жедел жәрдем көлігі
Жол апаты. Көрнекі сурет: yk-news.kz

Өскеменде жол-көлік апаты болып, алты адам зардап шекті, деп хабарлайды yk-news.kz.

Бұл жағдай 11 ақпанда болған. Қала көшелерінің бірінде Subaru Legacy мен Chevrolet Cobalt көлігі соғылған.

Басылымның жазуынша, оқиға орнына жеткен ШҚО төтенше жағдайлар департаментінің мамандандырылған жасағы жеңіл көліктегі жолаушыны шығаруға көмектесіп, оны дәрігерлерге тапсырған.

"Жол-көлік оқиғасы салдарынан алты адам медициналық мекемеге жүгінді", - деп мәлімдеді ШҚО полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Сондай-ақ полицейлер қазір сотқа дейінгі тергеу жүріп жатқанын хабарлады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/2060428-oskemende-zol-apatynan-alty-adam-zardap-sekti/

pixel