jitsu gif branding logo appbranding logo app

    Қарағанды қаласында дәмхана өртенді: зардап шеккендер бар

    Оқиға орны
    Оқиға орны. Фото: ТЖМ

    Қарағанды қаласында бүгін түс кезінде дәмхана өртеніп, күйік алған әкімші емдеу мекемесіне жіберілді. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ ТЖМ-нің Telegram-дағы арнасына сілтеме жасап хабарлайды.

    Ведомство мәліметінше, 12 ақпанда сағат 12:53-те Қарағанды қаласында өрт шыққаны туралы хабар түсті.

    "5 қабатты тұрғын үйдің 1-қабатында орналасқан дәмхананың ас үй бөлмесінде 10 шаршы метр аумақта өрт шыққан.

    Алдына ала болжам бойынша күйік алған әкімші емдеу мекемесіне жіберілді", - делінген хабарламада.

    ТЖД күштері баспалдақ арқылы үйден 10 адамды, оның ішінде 2 баланы эвакуациялады. Өрт сағат 13:35-те сөндірілген.

    Өрт орнына Қарағанды облысы ТЖД 27 адамы мен 7 техникасы жұмылдырылған.

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.