Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қызылорда облысында Qazavtojol филиалының бас маманы қаза болды

Опубликовано:

Қысқы жол
Қысқы жол. Көрнекі сурет. Фото: pixabay.com

10 ақпанда Қызылорда облысында болған жол апатынан "ҚазАвтоЖол" ҰК" АҚ Қызылорда облыстық филиалының бас маманы Сақтапберген Сыдықов қаза тапты. Бұл туралы компанияның Telegram-арнасына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Компания қызметкері қызметтік міндетін атқару кезінде қаза тапқаны айтылады. Оқиға "Самара-Шымкент" автожолында Арал ауданы, Сазды ауылы маңында қозғалыс қайта жанданған уақытта болған.

Қатты жылдамдықпен келген Toyota Alphard көлігі жол бойында тоқтап тұрған көлікке соқтығысқан, сол уақытта автокөлік ішінде компания қызметкері жұмыс істеп отырған. Салдарынан ол тілге келместен сол жерде жан тапсырды.

"Марқұм Қызылорда облыстық филиалының бас маманы болып, компанияда 6 жылдан астам жұмыс істеп, өзін адал, кәсіби қызметкер ретінде танытты. Сақтапберген Сыдықовтың артында төрт баласы мен жары қалды", - делінген хабарда.

Компания қызметкерлері марқұмның туған-туыстары мен жақындарының қайғыларына ортақтасып көңіл айтып, артында қалған отбасына компания тарапынан барлық қажетті қаржылық қолдау көрсетуге уәде беріп отыр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/2060723-qyzylorda-oblysynda-qazavtojol-filialynyn-bas-mamany-qaza-boldy/

pixel