Астанада келіншекке қарақшылық шабуыл жасаған күдікті Семейде ұсталды (видео)
Жарияланған күні:
Әлеуметтік желілерде Астанадағы қарақшы әйел адамға шабуыл жасап, қылғындырғаны түсірілген видео пайда болды. Абай облыстық полиция департаменті оқиғаның мән-жайын айтты, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.
Оқиға 12 ақпанда Астанада болған, белгісіз ер адам келіншекке арқасынан шабуыл жасаған. Болған оқиғадан кейін қаскүнем жасырынған. Полиция оған іздеу жариялады.
"Келіп түскен бағдар бойынша Абай облысы ПД жеке құрамы бағдарланды. Сағат 6:00 шамасында "Ертіс" бақылау пунктінде патрульдік полиция ротасының инспекторлары Семей қаласына кірген кезде салонында жолаушы ретінде күдікті болған Toyota автокөлігін тоқтатты", - делінген Абай облыстық ПД Telegram-арнасында жариялаған хабарында.
Қазіргі уақытта ер адам ұсталып, жақын арада елорда полициясына беріледі.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/2060756-astanada-kelinsekke-qaraqsylyq-zasagan-kudikti-semeide-ustaldy-video/