Алматыда ер адам иіс тиіп қайтыс болды
Жарияланған күні:
Алматыда ер адам газдан уланып қайтыс болды. Қайғылы жағдай бүгін кешке болған, деп хабарлайды ТЖМ Telegram арнасында.
Ведомство ақпаратынша, оқыс жағдай бүгін сағат 19.50-де Медеу ауданындағы үйлердің бірінде болған. Бұрын қатты отынмен жанатын пештің ақауына байланысты улы газбен уланып, жедел жәрдем келгенше 1960 жылы туған үй иесі қайтыс болды.
Оқиға орнына ТЖД қызметкерлері, полиция қызметкерлері дереу жіберілді. Болған жағдайдың мән-жайы анықталуда.
Көміртегі тотығымен уланудан қайғылы жағдайларды болдырмау үшін Алматы қаласы ТЖД келесі қарапайым ережелерді орындау керек екенін еске салады:
- жылыту маусымы кезінде түтін құбырларын, жылыту пештерінің мұржаларын күйеден жиі тазалаңыз;
- мұржаның тартылуын тексеріңіз және пештің мұржасын түнде жауып тастамаңыз;
- пештерде, түтін мұржаларында және басқа да жылыту құрылғыларда отын, кір және басқа да жанғыш заттарды кептіруге жол бермеу; автономды жылыту мен газ құрылғыларын қауіпсіз пайдалану ережелерін сақтаңыз!
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/2060813-almatyda-er-adam-uly-gazdan-ulanyp-qaitys-boldy/