jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    18+
    Аида Тақабаева
    Аида Тақабаева
    Бұрынғы қызметкер

    Шымкентте адам өлтірді деген күдіктіні ұстау сәтінің видеосы жарияланды

    Күдіктіні ұстау сәті
    Оқиға орны. Видеодан кадр: t.me/POLICE_of_KZ

    Алматыда түнде кісі өлімі тіркелген. Бүгін Шымкентте ауыр қылмыс жасады деген күдікті ұсталды. Бұл туралы Ішкі істер министрлігіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

    Ведомствоның Telegram-дағы ақпараттық арнасында жарияланған мәлімет бойынша, аса ауыр қылмыс Алматы қаласының аумағында түнгі уақытта жасалған. Алматылық тәртіп сақшыларының нұсқауына сәйкес, күдікті қылмыс орнынан Hyundai Elantra көлігімен ізін суытқан.

    Автокөлікті "Қорғау" бағдарламасын пайдалана отырып, бейнебақылау камераларын қарау арқылы Шымкент полиция департаментінің жедел басқару орталығының қызметкерлері анықтаған.

    Көлік құралын тоқтатуға дереу патрульдік нарядтар бағытталған.

    "Ер адам полиция қызметкерлеріне қарсылық көрсетуге тырысты, алайда ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды", - делінген хабарламада.

    Шымкентте адам өлтірді деген күдіктіні ұстау сәтінің видеосы жарияланды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.