"Байлап, пышақтаған": Алматы облысында төрт баланы азаптады деген күдікті анықталды
Жарияланған күні:
Әлеуметтік желіде Алматы облысында белгісіз ер адам төрт баланы ұрып-соғып, азаптап, оларға пышақ салғаны туралы ақпарат тарады. Бұған қатысты облыстық полиция департаментінің басшысы Бауыржан Әленов түсінік беріп, күдікті анықталғанын хабарлады, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.
Telegram-дағы арналардың бірінде аталған оқиға Алматы облысының Жамбыл ауданында болғаны айтылады.
"Белгісіз ер адам төрт кішкентай баланы байлап, ұрып-соғып, азаптап, пышақтаған. Полицейлер күдіктіні анықтап, оны ұстау шараларын жүргізіп жатыр", - делінген жазбада.
Бұған қатысты Алматы облысы полиция департаментінің басшысы Бауыржан Әленов Instagram-дағы парақшасында пікір білдірді.
"Кәмелетке толмағандарға шабуыл жасаған әрекет туралы арыз бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Күдікті тұлға анықталды. Оны құрықтау бойынша қажетті іс-шаралар қабылдануда", - дейді облыстың бас полицейі.
Оның айтуынша, аталған дерек бойынша облыстың барлық аудандық бөлімшелері мен өңірлік полиция органдары бағдарланған.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/2061296-bailap-pysaqtagan-almaty-oblysynda-tort-balany-azaptady-degen-kudikti-anyqtaldy/