Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"24 келі алтынды әкетуге қатысқан": күдіктілердің бірі Әзербайжаннан экстрадицияланды

Опубликовано:

Кісен салу
Кісен салу. Көрнекі фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Әзербайжаннан Түркия азаматы экстрадицияланды. Ол трансұлттық ұйымдасқан топ құрамында Қазақстаннан 24 келіден астам алтынды контрабандалық жолмен әкетуге қатысқан деген күдікке ілінген. Бұл туралы Бас прокуратураға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Қадағалаушы органның мәліметінше, Бас прокуратура мен Ішкі істер министрлігінің қызметкерлері Сыртқы істер министрлігінің көмегімен трансұлттық ұйымдасқан топтың қызметіне қатысқаны үшін қылмыстық жауапкершілікке тарту мақсатында Әзербайжаннан Түркия азаматын экстрадициялады.

"Ол 2020 жылдың шілдесі мен тамызы аралығында трансұлттық ұйымдасқан топ құрамында Қазақстаннан 24 келіден астам алтынды контрабандалық жолмен әкетуге қатысқан деген күдікке ілінген.

Осы әрекет салдарынан мемлекетке 633 миллион теңгеден астам шығын келген", - делінген ресми хабарламада.

Қылмыс жасағаннан кейін күдіктілер тергеуден жасырынып, оларға халықаралық іздеу жарияланған.

"2023 жылдың шілдесінде күдікті Әзербайжан аумағында ұсталды. Қазіргі уақытта ол Астана қаласының уақытша ұстау изоляторына қамалды", - деп мәлімдеді Бас прокуратура өкілдері. 

Қылмысы дәлелденсе, ұсталған адам мүлкі тәркілеп, сегіз жылдан он екі жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/2061324-24-keliden-astam-altyndy-kontrabandalyq-zolmen-aketuge-qatysqan-kudiktilerdin-biri-azerbaizannan-ekstradiciyalandy/

pixel