jitsu gif branding logo appbranding logo app
Оқыс оқиға

    Алматыда караокеден өрт шықты: ғимараттың шатыры опырылып түсті (фото, видео)

    Алматыда караоке өртенді
    Алматыда караоке өртенді. Фото: t.me/dchs_alm

    Бүгін таңертең Алматыда караоке-клубынан өрт шықты. Ғимараттың төбесі жанып, шатыры опырылып түсті, деп хабарлайды қалалық ТЖД-ге сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

    Ведомствоның мәліметіне сәйкес, төтенше жағдай бүгін 18 ақпанда сағат 09:56-де орын алған. ТЖД күштері мен құралдары Алмалы ауданы, Мұқанов көшесі, 130 мекенжайы бойынша жоғары дәрежедегі шақыртуға жіберілді.

    "Келгеннен кейін 4 минуттан соң, "Do Re Mi" караоке екі қабатты ғимаратының шатырының жануы анықталды. Алдын-ала ақпаратқа сәйкес өрттің алаңы 250 шаршы метрді құрады. Қатты түтін пайда болып, газ-түтіннен қорғау қызметінің буындары эвакуациялау және құтқару үшін адамдардың болуына барлау жүргізеді. Өрт сөндіруге және қорғауға арналған екі жауынгерлік учаске құрылды", - делінген ресми хабарламада.

    Өрт сөндірушілер қауіпсіздік техникасын сақтай отырып жұмыс істеуде. Шатыр құрылымдарының құлауы орын алады. Барлау барысында адамдардың жоқтығы анықталды. Өрт сөндірушілер келгенге дейін нысан әкімшілігі үш адамды эвакуациалады, қаланың барлық өзара іс-қимыл қызметтері жұмыс жасауда. Полиция департаментінің қызметкерлері қоршауды ұйымдастырды.

    Оқиға орнына 37 адам мен 11 техника жұмылдырылды. Ойын-сауық орталығының 1 және 2 қабаттары мен көрші ғимараттар өрттен қорғалды. Өрт 10-43-те оқшауланып, 10-49-да жойылды ТЖД қызметкерлері қазіргі уақытта өрттің себебін анықтауда.

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.