Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қарағандының бұрынғы әкімінің ұлы анасын ұрды деген күдікке ілінді: ол екі айға қамауға алынды

Опубликовано:

Кісен салу
Кісен салу. Көрнекі фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Қарағандыда бұрынғы қала әкімі Шаймерден Оразалиновтың ұлы екі айға қамауға алынды. Ер адам анасын соққыға жықты деп айыпталуда, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Анықталғандай, отбасылық жанжалға көршілері куә болған. Олар бірден жедел жәрдем шақырып, полицияға қоңырау шалған.

ҚазАқпараттың хабарлауынша, ер адам 78 жастағы анасының мұрны мен бірнеше қабырғасын сындырған.

"Қарағанды қаласының мамандандырылған тергеу соты 10 ақпанда күдіктіні екі ай қамауда ұстау санкция берді", — деп хабарлады Қарағанды қаласының мамандандырылған тергеу сотының баспасөз қызметі.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/2061573-qaragandynyn-buryngy-akiminin-uly-qart-anasyn-uryp-eki-aiga-qamauga-alyndy/

pixel