jitsu gif branding logo appbranding logo app
Оқыс оқиға

    Желіде Қостанай облысындағы ауруханада болған төбелестің видеосы тарады

    Жұдырық
    Жұдырық. Көрнекі фото: piqsels.com

    Желіде Арқалық қаласындағы медициналық мекемеде келуші мен дәрігердің төбелескені түсірілген видео пайда болды. Бұл жағдайға Қостанай облысы полиция департаментінің өкілдері пікір білдірді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

    Видеоны Telegram-дағы Egov.press арнасы жариялады. Бейнежазбадан жанжалдан кейін медициналық мекемеге келген адам дәрігерге жұдырық ала жүгіргенін көруге болады. Дәрігер де төбелесе жөнелген. Оларды кабинеттегі адамдар ажыратқан.

    Жазбада видеода түсірілген жағдай Арқалық ауруханасында болғаны айтылған.

    Бұл жағдайға Қостанай облысының полиция департаменті өкілдері түсініктеме берді. Полицейлердің мәлімдеуінше, жанжал былтыр наурызда болған.

    "Дәрігер мен келушінің арасында жанжал туындап, екеуі бір-біріне дене жарақатын келтірген. Қалалық соттың шешімімен дәрігерге қатысты материал құқықбұзушылық белгілерінің жоқтығынан тоқтатылды", - деді департамент өкілдері.

    Полицейлердің мәліметінше, емдеу мекемесіне келген адамға 36 225 теңге айыппұл салынған.

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.