Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматыда Нұрсұлтан Назарбаев есімді 23 жастағы жігіт ұсталды

Опубликовано:

абақты
Абақты. Көрнекі фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Алматыда мас күйде көлік жүргізгені үшін экс-президентпен аттас Нұрсұлтан Назарбаев есімді жігіт ұсталып, жүргізуші куәлігінен айырылды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Іс материалдары Жоғарғы сот сайтындағы сот кабинетінде жарияланды.

"Ол 2024 жылғы 4 ақпанда Алматы қаласында Сейфуллин даңғылының бойымен солтүстікке қарай кетіп бара жатып, мас күйде көлікпен Тобаяқов көшесінің қиылысына шығып кеткен", - делінген іс материалында.

Медициналық куәландыру алкогольдік масаңдықтың жеңіл дәрежесін көрсетті. Сотта Toyota Camry көлігінің 23 жастағы жүргізушісі кінәлі деп танылды.

Нұрсұлтан Назарбаев 15 тәулікке әкімшілік қамауға алынып, жеті жыл мерзімге көлік құралын басқару құқығынан айырылды.

Айта кетейік, бүгін Алматыда полицейдің мас күйде жол-көлік оқиғасын жасағанын жазған едік. Іс тергелуде, тәртіп сақшысы ішкі істер органдарындағы қызметінен қуылды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/2061747-almatyda-nursultan-nazarbaev-zurgizusi-kualiginen-aiyrylyp-qamauga-alyndy/

pixel