Ақмола облысында әкім мас күйде көлік жүргізгені үшін қамауға алынды
Жарияланған күні:
Викторовка ауылдық округінің әкімі мас күйде көлік жүргізгені үшін 15 тәулікке қамауға алынып, 7 жылға көлік жүргізу құқығынан айырылды. Бұл туралы Зеренді аудандық сотының баспасөз қызметіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.
Соттың баспасөз қызметі Викторовка ауылдық округінің әкімі Р.-ға қатысты көлікті мас күйінде жүргізгені үшін әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қаралғанын хабарлады.
Шенеунік кінәсін мойындады. Ол сондай-ақ әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамамен, жеңіл дәрежедегі алкогольдік мастықты анықтаған медициналық сараптаманың қорытындысымен және әкімнің өзінің түсініктемесімен расталды.
"Сот қаулысымен Р. 15 тәулікке қамауға алу түріндегі әкімшілік жазаға тартылып, 7 жылға көлік құралын басқару құқығынан айырылды", - делінген хабарламада.
Қаулы заңды күшіне енген жоқ.
Викторовка ауылдық округінің Instagram желісіндегі парақшасындағы ақпаратқа сәйкес, округ әкімі Виктор Александрович Рукавишников екені мәлім болды.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/2061806-aqmola-oblysynda-akim-mas-kuide-kolik-zurgizgeni-usin-qamauga-alyndy/