Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстанның екі облысында өрт салдарынан екі ер адам қаза тапты

Опубликовано:

Оқиға орны
Өрт-сөндіру жұмыстары. Фото: Ақмола облыстық ТЖД

Бүгін Қазақстанның екі өңірінде тұрғын үйлерде өрт шығып, салдарынан екі адам қаза тапты. Бұл туралы Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Ведомство өкілдерінің хабарлауынша, 19 ақпанда Атырау қаласының Жерұйық шағын ауданындағы екі қабатты жеке тұрғын үйде 25 шаршы метр аумақта өрт болды.

Барлау жұмыстары кезінде өртсөндірушілер 1954 жылы туған ер адамның денесін тапты.

Өртсөндірушілердің жедел әрекетінің нәтижесінде өрттің басқа бөлмелерге таралуының алдын алуға мүмкіндік туды.

Сондай-ақ Ақмола облысы Егіндікөл ауданы Бауманское ауылында екі пәтерлі жеке тұрғын үйднгі пәтерде 80 шаршы метр аумақта өрт болды.

Өрт орнында үйінділерді тазалау кезінде 1970 жылғы азаматтың мәйіті табылды.

Өрттердің шығу себептері анықталуда.

Төтеншеліктер тұрғындарды жылыту маусымында тұрғын үйлер мен күнделікті өмірде өрт қауіпсіздігі ережелерін қатаң сақтауға шақырды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/2061822-qazaqstannyn-eki-oblysynda-ort-saldarynan-eki-er-adam-qaza-tapty/

pixel