Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Шымкентте жалған доллармен сауда жасаған ер адам сотталды (видео)

Опубликовано:

Доллар бағамы
АҚШ доллары. Көрнекі фото: pixabay.com

Қазақстан азаматы Шымкенттегі дәмханалардың бірінде жалған АҚШ долларын сатпақ болған жерінде ұсталды. Бұл туралы Қаржылық мониторинг агенттігіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Агенттіктің хабарлауынша, бұл факт бойынша қылмыстық істі Қаржылық мониторинг агнеттігінің Шымкент қаласы бойынша департаменті тергеген.

"Бұл азамат 100 долларлық банкноттармен 1900 АҚШ доллары көлеміндегі жалған ақшаны сатқан кезде қылмыс үстінде ұсталды.

Сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп, нәтижесінде сот Шымкент тұрғынын кінәлі деп танып, 5 жыл 6 айға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады", - дейді қаржылық мониторинг агнеттігінің ресми өкілі Әлібек Әбділов.

Қаржылық мониторинг агенттігі азаматтарды сақтық танытып, қолма-қол ақшаны мұқият санауға шақырады.

"Егер сіз жалған ақша тапсаңыз, ең бастысы, оны сатуға тырыспаңыз. Ақшаңызды қайтаруға ниеті Қылмыстық кодекстің 231-бабы бойынша қылмыстық жауаптылыққа әкеп соғуы мүмкін.

Егер жалған банкнот қолыңызға түссе, дереу Қаржылық мониторинг агенттігінің 8(7172) 70-84-78 сенім телефонына хабарласу қажет", - дейді агенттік өкілі.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/2061874-symkentte-zalgan-dollarmen-sauda-zasagan-er-adam-sottaldy-video/

pixel