Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Баланы тепкілеген: Түркістан облысында тұрғынның үстінен қылмыстық іс қозғалды (видео)

Опубликовано:

Қылмыстық іс құжаттары
Қылмыстық іс құжаттары. Көрнекі фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Әлеуметтік желіде ер адамның баланы теуіп жатқан видеосы тарады. Облыстық полиция департаменті бұл жайтқа пікір білдіріп, күдікті ұсталғанын хабарлады, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Ер адамның баланы теуіп жатқан видеосы Telegram-дағы EGOV.PRESS арнасында жарияланды. Онда бұл жағдай Түркістан облысында болғаны айтылып, құқық қорғау органдарынан шара қабылдауды сұраған.

Өңірлік полиция департаменті пікір білдірді.

"Түркістан облысында жасөспірім балаларға қатысты жасалған құқыққа қарсы әрекет бойынша Сайрам ауданының полиция басқармасы қылмыстық іс қозғады. Күдікті ұсталып, қамауға алынды.

Қазіргі уақытта қажетті тергеу әрекеттері жүргізілуде және тиісті сараптамалар тағайындалды. Барлық мән-жайлар анықталып жатыр. Істің тергелуі Түркістан облысы полиция департаменті бастығының жеке бақылауында", - делінген полиция хабарламасында.

Сондай-ақ ведомство өкілдері жалған ақпарат таратуға қатысты заңда жауапкершілік қарастырылғанын ескерте отырып, азаматтардан тек ресми дереккөздерге сүйенуді сұраған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/2062328-balany-tepkilegen-turkistan-oblysynda-turgynnyn-ustinen-qylmystyq-is-qozgaldy-video/

pixel