Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Жағдайы ауыр": Талғарда үй өртеніп, ер адамды күйік шалды

Жарияланған күні:

Өртенген үй
Өртенген үй. Фото. : ТЖМ

Алматы облысы Талғар ауданы Гүлдала ауылында жеке тұрғын үйден шыққан өрт сөндірілді. Өрт салдарынан ер адам зардап шекті, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ ТЖМ-ге сілтеме жасап.

ТЖД мәліметінше, 22 ақпанда сағат 15:22-де Талғар ауданының Гүлдала ауылында 138 шаршы метр алаңда жеке тұрғын үйдің шатыры және бір бөлмесінің жанып, кейін 30 шаршы метр аумақта төбе жабынының құлағаны туралы хабарлама келіп түсті.

Өрт сағат 16:13-те оқшауланып, 17:25-те жойылды. Өрттің себебін анықтау үшін Алматы облысы ТЖД зерттеу сынақ өрт зертханасы мен анықтау бөлімінің қызметкерлері жолданды.

"Өрттің салдарынан ер адам 90 пайыз дене күйігімен ауруханаға жатқызылды, жағдайы ауыр", - делінген хабарламада.

Өртті сөндіруге Алматы облысы ТЖД 7 қызметкері мен 2 техникасы жұмылдырылды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/2062505-zagdaiy-auyr-talgarda-ui-ortenip-er-adamdy-kuiik-saldy/