Өскеменде трамвай жеңіл көлікпен соқтығысып, оны 10 метрге сүйреп кетті (видео)
Жарияланған күні:
Бүгін Өскеменде трамвай жеңіл көлікті қағып, оны 10 метрге сүйреп кеткен. Оқиға салдарынан көлік жүргізушісі зардап шекті.
YK-news.kz басылымының мәліметінше, KIA көлігі трамваймен бір қатарда келе жатып, трамвайдың өткенін күтпей, солға бұрыла бастаған. Трамвай көлікті 10 метрге сүйреп әкетіп, бағанаға тірелген.
Жол апатынан көлік жүргізушісі зардап шекті. Оқиғаның куәгерлері жедел жәрдем шақырған.
Апат салдарынан трамвайлар жарты сағаттан астам уақыт жүрмей қалған, бірақ қазір жол қозғалысы қалпына келтірілген.
Басылым тілшілерінің хабарлауынша, полицейлер көлік жүргізушісіне қатысты әкімшілік хаттама толтырған.
"Қазақстан көшесі мен Қабанбай батыр көшесінің қиылысында Kia жүргізушісі бағдаршам жасыл жанғанда солға бұрылып, трамвайға жол бермеген", - деп хабарлады ШҚО ІПД баспасөз қызметі.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/2062507-oskemende-tramvai-zenil-kolikpen-soqtygysyp-ony-10-metrge-suirep-ketti-video/
Егер сіздің лақапатыңыз ережелердің талаптарына сәйкес келмесе, оны 4 қазанға дейін өзгертіңіз. Әйтпесе, ол автоматты түрде ауыстырылады.