Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Елордада тұрғын үйдің 12-қабатынан өрт шықты

Опубликовано:

Астанада өртенген пәтер
Астанада өртенген пәтер. Фото: ҚР ТЖМ баспасөз қызметі

Өрт бүгін кешке елордалық ТК-нің бірінде болды - ТЖМ өкілдері оқиғаның жай-жапсарын айтты, деп хабарлайды ведомствоның ресми Telegram-арнасына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Ведомство мәліметінше, бүгін сағат 21.30-да елордалық өртсөндірушілер Мұхамедханов көшесіндегі пәтер өртеніп жатқан шақыртуға аттанған.

"Келген кезде 12-қабаттағы пәтердің терезесінен ашық жану, ас үйде және балконда тұрмыстық заттар мен жиһаздар жанып жатқаны анықталды. Өрт аумағы анықталып жатыр", - делінген хабарда.

Сағат 21.51-де өртсөндірушілер өртті ауыздықтады.

Өртті сөндіруге Астана қаласының ТЖД жеке құрамының 24 адамы мен 5 техникасы жұмылдырылды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/2062530-elordada-turgyn-uidin-12-qabatyndagy-paterinen-ort-syqty/

pixel