Түркістанда мешіт кілемдерін ұрлады деген күдікті анықталды
Жарияланған күні:
Түркістан облысының полицейлері мешіттегі кілемдерді қолды қылған күдіктіні тапты. Бұл туралы ведомствоға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.
"Жедел-іздестіру іс-шаралары кезінде Сарыағаш аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері мешітте ұрлық жасады деген күдікпен 51 жастағы жергілікті тұрғынды анықтады", - делінген хабарламада.
Полицейлердің мәлімдеуінше, күдікке ілінген әйел түнгі сағат 01:00 шамасында мешіттердің біріне барып, төсеулі тұрған екі бірдей кілемді ұрлап кеткен.
Тәртіп сақшылары күдікті әйелден ұрланған айғақ заттарды тәркілеген.
Қазір полицейлер әйелдің осыған ұқсас қылмыстарға қатысы бар-жоғын тексеріп жатыр.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/2062668-turkistanda-mesit-kilemderin-urlady-degen-kudikti-anyqtaldy/