Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қарағанды облысында бір отбасының төрт баласы көз жұмды

Опубликовано:

Өрт шыққан үй
Өрт шыққан үй. Видеодан кадр: t.me/patriot_patriot

Қарағанды облысы Қарқаралы ауданы Қасым Аманжолов ауылындағы тұрғын үйде шыққан өрттен бір отбасының төрт баласы көз жұмды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісі аудан әкімдігіне сілтеме жасап хабарлайды.

Мұндай ақпарат алдымен "Патриот" Telegram арнасында пайда болды. Арна авторлары кешкі сағат алтыда тұрғын үйдегі өрттен төрт бала көз жұмғанын айтты.

"Өртті сөндіргеннен кейін өрт сөндірушілер төрт жасар баланың денесін тапты - наурызда ол 5 жасқа толар еді. Сондай-ақ екінші баланың денесі табылды, ол наурызда 4 жасқа толатын еді. Үшінші көз жұмған бала 2 жаста, ол маусымда үш жасқа келетін еді. Төртінші бала - қыз баланың денесі табылды. Оның қанша жаста екені анықталып жатыр", - деп жазады авторлар.

Болжам бойынша оқыс жағдай кезінде ата-анасы үйде болмаған, олар көршісінің үйіне кеткен.

Қарқаралы ауданының әкімдігі KAZ.NUR.KZ тілшісіне өрт туралы және балалардың көз жұмғаны туралы ақпаратты растады. Ведомство мәліметінше, оқиға орнында аудан басшылығы жүр. Олар толығырақ ақпаратты кейінірек беретінін айтты.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/2062769-qaragandy-oblysynda-bir-otbasynyn-tort-balasy-koz-zumdy/

pixel