Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қарағанды облысында 4 баланың өліміне қатысты жаңа мәлімет шықты

Жарияланған күні:

Читать на русском
Өрт шыққан үй
Өрт шыққан үй. Фото: instagram.com/112qaragandy_tjd

Қарағанды облысында тұрғын үйдегі өртте көз жұмған 4 баланың қазасына қатысты мәліметтер белгілі болды. Қайғылы оқиғаның мән-жайын облыстық төтенше жағдайлар департаментінен хабарлады, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Облыстық ТЖД Instagram-дағы парақшасында хабарлауынша, 23 ақпанда Қарқаралы ауданы Талды ауылында 2 пәтерлі бір қабатты тұрғын үйде тұрмыстық заттар, жиһаздар, терезе және есік блоктары - 10 шаршы метр аумақ өртенді.

"Өрт салдарынан 2019, 2020, 2021, 2022 жылы туған төрт бала көз жұмды. Өрт кезінде балалар үйде жалғыз болған. Олардың ата-аналары болмаған", - деп хабарлады ведомстводан.

ТЖД хабарлауынша, зардап шеккен отбасыға жергілікті атқарушы органдар мен тұрғындар барлық қажетті көмекті көрсетуде.

"Өртке қатысты қылмыстық іс қозғалды, тергеу амалдары жүргізіліп, сараптамалар тағайындалды. Оқиғаның себептері мен мән-жайы анықталуда", - деп хабарлады ведомстводан.

Еске сала кетсек, бұған дейін Қарағанды облысы Қарқаралы ауданы Қасым Аманжолов ауылындағы тұрғын үйде шыққан өрттен бір отбасының төрт баласы көз жұмғанын жазған едік.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/2062777-qaragandy-oblysynda-4-balanyn-olimine-qatysty-zana-malimet-syqty/