jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    18+
    Аида Тақабаева
    Аида Тақабаева
    Бұрынғы қызметкер

    Жамбыл облысынан Алматыға есірткі жеткізіп отырған қылмыстық топ әшкереленді (видео)

    Мүшектегі есірткі
    Есірткі. Видеодан кадр: polisia.kz

    Полицейлер Жамбыл облысы Шу ауданынан Алматыға тұрақты түрде есірткі жеткізумен айналысып келген қылмыстық топтың 11 мүшесін ұстады. Бұл туралы Ішкі істер министрлгінің ақпараттық медиа-порталына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

    Polisia.kz сайтының жазуынша, жедел-тергеу топтары арнайы мақсаттағы бөлініс жауынгерлерімен бірлесіп, құрықтау операциясын бір уақытта Алматы қаласы мен Алматы облысында жүргізген.

    Ұйымдастырушы және марихуана мен гашишті заңсыз өткізуге қатысы бар 11 адам анықталған. Олардың қатарында сатушы мен сатып алушылар, тасымалдаушылар, үй-жайларды жалға алушылар мен өлшеп ораушылар бар.

    "Тінту барысында целлофан пакеттерге салынған 40 кг марихуана мен 15 кг гашиш және күдіктілердің қылмыстық бизнеске қатысы бар екенін растайтын ұялы телефондар табылып, тәркіленді. Күдіктілер ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды Тиісті сараптамалар тағайындалып, тергеу амалдары жалғасуда. Өзге ақпарат тергеу мүддесінде жариялануға жатпайды", - деді департамент бастығы – ІІМ ресми өкілі Шыңғыс Алекешев.

    Жамбыл облысынан Алматыға есірткі жеткізіп отырған қылмыстық топ әшкереленді (видео)

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.