Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Шымкентте жүк көлігі өртеніп, жүргізуші зардап шеккен

Опубликовано:

Өрт сөндіруші
Өрт сөндіруші оқиға орнында. Фото: ТЖМ

Шымкент қаласында 26 ақпанда жүк көлігінің моторы өртеніп, зардап шеккен жүргізуші ауруханаға жатқызылды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ ТЖМ-ға сілтеме жасап хабарлайды.

26 ақпанда сағат 13:55-те Бәйдібек би даңғылы бойында жүк көлігінің моторының бөлігі өртенді.

"Өрт сөндіру бөлімшесі келгенше 2002 жылғы автокөлік жүргізушісі ауруханаға жатқызылған. Өрт сағат 14:15-те оқшауланып, 14:24-те толығымен сөндірілді", - деп хабарлайды ТЖМ-нан.

Ведомство өкілдері алдын ала болжам бойынша өрт электр сымдарының қысқа тұйықтауынан шыққанын мәлімдеді.

Өрт болған жерде Шымкент қаласы ТЖД-дан 12 адам, 4 техника жұмылдырылды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/2063110-symkentte-zuk-koligi-ortenip-zurgizusi-zardap-sekken/

pixel