Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қостанайда Land Cruiser жүргізушісі қарсы бағытқа шығып, "Сергекке" түсіп қалды

Опубликовано:

Жол ережесін өрескел бұзған жүргізуші
Жол ережесін өрескел бұзған жүргізуші. Скриншот: polisia.kz

Қостанайда Toyota Land Cruiser жүргізушісі қарсы бағытқа шығып кеткен. Ол жүргізуші куәлігінен айырылады, деп хабарлайды Polisia.kz.

Полицейлер 44 жастағы Toyota Land Cruiser жүргізушісі өз кезегін күтпей, Тәуелсіздік көшесіндегі көпірден соң қарсы бағытқа шыққаны түсірілген видеоны жариялады. Енді ол 6 айға жүргізуші куәлігінен айырылады.

Тәртіп сақшылар дәл осы күні қалада қарақшылық шабуыл жасаған күдіктіні ұстау арнайы шарасы жүргенін еске салды.

Бұл жүргізушімен қатар, тағы үш адам жол ережесін бұзғаны үшін жауапқа тартылған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/2063116-qostanaida-land-cruiser-zurgizusisi-qarsy-bagytqa-sygyp-sergekke-tusip-qaldy/

pixel