Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматыдан шыққан пойызда мас жолаушы стоп-кранды жұлып алған

Опубликовано:

Темір жол
Пойыз. Көрнекі фото: pixabay.com

Пойыздың тоқтату кранын жұлып алған екі жолаушыға айыппұл салынды. Екеуі де мас болған, деп хабарлайды Polisia.kz.

Ресми ресурс хабарына қарағанда, жыл басынан бері Көліктегі ПД қызметкерлері 12 935 әкімшілік құқық бұзушылық анықтаған, оның ішінде алкогольдік ішімдіктер ішкені үшін 1048 дерек болған. Сондай-ақ пойызды тоқтату кранын жұлып алудың 10 фактісі тіркеліпті.

"Мәселен, 24 ақпанда Ақтөбе облысының Тассай – Шалқар аралығында тоқтату кранын жұлып алуына байланысты Маңғышлақ – Алматы бағытындағы жолаушылар пойызы кестеден тыс тоқтады. Жоспарланбаған пойыз тұрағы 8 минутқа созылды. Тексеру барысында көлік полицейлері Қызылорда облысының 34 жастағы тұрғынын анықтады. Ол мас күйде пойыздың тоқтату кранын жұлып алған", - делінген хабарда.

Медициналық куәландыру қорытындысына сәйкес, жолаушылдан орташа дәрежелі алкогольдік масаңдық анықталған. Құқықбұзушы акт бойынша пойыздан түсіріліп, қоғамдық орында масаң күйде болғаны және қажетсiз ретте пойызды заңсыз тоқтатқаны үшін жауапкершілікке тартылды. Оған 10 айлық есептік көрсеткіш (36 920 теңге) көлемінде айыппұл салынды.

Дәл сол күні осыған ұқсас жағдай Алға – Бестамақ аралығында да болған. Бұл жолы тоқтату кранын жұлып алған Алматы – Ақтөбе бағытындағы пойыздың масаң күйдегі 63 жастағы жолаушысы болып шыққан. Жолаушы 10 АЕК көлемінде айыппұл арқалады.

Айта кетейік, пойыздың тоқтату кранын ешбір себепсіз заңсыз жұлып алу – әкімшілік жауапкершілікке әкеп соқтыратын құқықбұзушылық. Тоқтату кранын жұлып алған жағдайда пойыздардың қозғалыс кестесі бұзылып, жолаушыларға қолайсыздық туындайды. Сондай-ақ пойыз кенет тоқтағандықтан жолаушылар мен пойыз қызметкерлері аяқасты жарақат алуы мүмкін.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/2063402-almatydan-syqqan-poiyzda-mas-zolausy-stop-krandy-zulyp-algan/

pixel