Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қостанайда жол үстінде жүргізушінің жүрек талмасы ұстап қалды

Опубликовано:

жүргізуші авто 2
Көрнекі фото: NUR.KZ / Петр Карандашов

Қостанайда жол үстінде жүрегі ұстап қалған жүргізуші құтқарылды. Полицейлер көлік терезесін сындыруға мәжбүр болды, деп хабарлайды КТК телеарнасы.

Оқиға қаланың орталық көшелерінің бірінде болған. Басқа жол қозғалысы қатысушылары жол жиегіне шайқалып барып тоқтаған көлікті байқаған.

Көлік тізгінінде 61 жастағы ер адам болған.

Басқа жүргізушілер бірден полиция шақырған.

Патрульдік полиция қызметкерлері келген кезде жүргізуші есін біліп тұрғанымен, қимылдай алмаған. Көлік іштен бекітулі тұрғандықтан, полицейлер әйнегін сындыруға мәжбүр болған.

Кейін қант диабетімен ауыратын ер адам жолда жүрегі ұстап қалғаны мәлім болды.

"Бізге оның жағдайы біртүрлі болып көрінді. Терезені қақтық, бірақ ол жауап қатпады. Қызы келгеннен кейін әйнекті сындыру туралы шешім қабылдадық, содан соң жүргізуші медициналық қызметкерлерге табысталды", - деді патрульдік полиция инспекторы Алмат Өтепов.

Дереккөз: КТК

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/2063406-qostanaida-zol-ustinde-zurgizusinin-zurek-talmasy-ustap-qaldy/

pixel