Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Шымкентте атыс болды (видео)

Опубликовано:

Атыс болған жер
Атыс болған жер. Видеодан скриншот: youtube.com/watch?v=xYQNVELf6So

Өткен түні Шымкент көшелерінің бірінде атыс болды. Бір адам ауруханаға жатқызылды, күдікті анықталды. Бұл туралы Otyrar.kz-ке сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды

Атыс 27 ақпан күні сағат 22.00 шамасында Жібек жолы көшесіндегі монша маңында болған. Оқиға орнына полиция мен жедел жәрдем келіп жетті. Оқиға орнынан травматикалық тапаншаның гильзалары табылды.

Куәгерлердің айтуынша, жанжалдан кейін жас жігіт қарсыласына оқ атып, ол ауруханаға түскен.

Құқық қорғау органдары күдіктіні анықтады.

"Осы факт бойынша Әл-Фараби аудандық полиция басқармасы қылмыстық іс қозғады. Сараптама тағайындалды. Қазіргі уақытта тергеу шаралары жүргізілуде. Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабы аясындағы өзге де мәліметтер тергеу мүддесі үшін жария етуге жатпайды", - деп хабарлады Шымкент қалалық ПД.

Еске сала кетейік, 12 ақпанда Алматыда көкөніс сататын дүкенде атыс болды. Желіде дүкеннің бейнебақылау камерасына түскен видео пайда болды. Кадрларда мылтық ұстаған ер адамды көруге болады.

Сондай-ақ жазбаға сәйкес, ер адамдардың бірі қолынан жараланған. Алматы ПД бұзақылық бабы бойынша қылмыстық іс қозғалғанын түсіндірді. Алайда кейінірек істі кісі өлтіруге оқталу ретінде қайта жіктеді.

Ал осыдан бір апта бұрын Алматыда ер адам қызға екі рет оқ атқан. Бұл тапсырыс бойынша жасалған қылмыс болған. Күдіктілер ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/2063495-symkentte-atys-boldy-video/

pixel