Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ажырасатынын айтқан: Түркістанда бес баланың анасы күйеуінің қолынан қаза тапты

Жарияланған күні:

Пышақ ұстап тұрған ер адам
Пышақ ұстап тұрған ер адам. Көрнекі фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Түркістанда 34 жастағы жергілікті тұрғын әйелін қасақана өлтіргені үшін кінәлі деп танылып, ұзақ мерзімге бас бостандығынан айырылды. Бұл туралы қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Іс материалдарында оқиғаның өткен жылдың 21 қыркүйегінде Түркістанда болғаны айтылған. Ашуланған ер адам өзін тастап бара жатқан әйеліне кедергі келтірмек болған, ал содан соң пышақпен кеудесі мен ішіне бірнеше жарақат салған.

Осыдан кейін ер адам ұялы телефонмен хабарласып, жедел жәрдем шақырған. Ол келген дәрігерлерге әйелі және өзі туралы ақпарат береді. Жедел жәрдем зардап шегушіні ауруханаға жеткізгенімен, ол бірнеше сағаттан кейін қайтыс болды.

Күдікті қамауға алынды.

Сотта ер адам сол күні әйелі оны тастап кететінін айтқан. Оның шешімін өзгертіп, көндіруге тырысқан. Екеуінің бес кішкентай баласы бар екенін де айтқан. Алайда әйелі үйден шығып бара жатқанда ер адам пышақ алып, соңынан ерген.

Сотта марқұмның ата-анасы күйеу баласына арыз-талаптары жоқтығын айтып, соттан оны бас бостандығынан айырмауды және балаларын тәрбиелеуге мүмкіндік беруді сұрады.

Алайда сот қылмыстың ауырлығын ескеріп, айыпталушыны 11 жыл 3 айға бас бостандығынан айырды. Үкім әлі заңды күшіне енген жоқ.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/2063565-azyrasatynyn-aitqan-turkistanda-bes-balanyn-anasy-kuieuinin-qolynan-qaza-tapty/