Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Астаналық мас тұрғын қызметтік көлікті айдап кеткен

Опубликовано:

Кісен салу
Кісен салу. Көрнекі фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Астанада жүргізуші куәлігінсіз мас күйінде күзет мекемесінің қызметтік көлігін ұрлап кеткен ер адам 20 тәулікке қамауға алынды. Бұл туралы Polisia.kz сайтына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Елордалық полицейлер автокөлік ұрлаған астаналық 31 жастағы тұрғынды ұстады.

Ішкі істер министрлігінің мәліметінше, түнде күзет мекемесіне дәмханадағы төбелеске қатысты қоңырау түскен. Оқиға орнына күзет қызметкерлері Lada Granta қызмет көлігімен келген.

Олар кафеге кірген кезде көлікті жарық дабылы қосулы күйінде қалдырып кеткен.

"Осы кезде кафеден шыққан мас мейман көлікті көріп, үйіне жетіп алмақ болған. Алайда 20 метрден соң тұрақта тұрған Hyundai Sonata көлігін соққан.

Көлік құралын мас күйінде басқарғаны үшін жүргізуші куәлігі жоқ тұрғын 20 тәулікке қамауға алынды, ол арнайы уақытша ұстау изоляторында", - дейді тәртіп сақшылары.

Еске сала кетейік, ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңының 608-бабына сәйкес, жүргізушінің көлік құралын алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйде басқаруы, сол сияқты көлік құралын алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйдегі адамның басқаруына беру он бес тәулікке әкімшілік қамаққа алуға және жеті жыл мерзімге көлік құралын басқару құқығынан айыруға алып келеді. 

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/2063737-astanalyq-mas-turgyn-qyzmettik-kolikti-aidap-ketken/

pixel