Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Астанада Есіл өзеніндегі мұз ойылып, жеті жасар бала суға құлап кетті

Опубликовано:

Жедел жәрдем көлігі
Жедел жәрдем көлігі. Көрнекі фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Астанада 7 жасар бала досымен Есілдің бойында ойнап жүргенде мұз жарылып, суға құлап кеткен. Баланы сол маңдағы балықшылардың бірі құтқарып қалған. Бұл туралы елордалық полиция департаментіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

"Түскі астан кейін 7 жастағы бала досымен жағалау бойымен серуендеуге барып, ойнап жүріп мұзға шыққан. Бір кезде мұз жарылып, балалардың бірі суға құлап кеткен", - деп жазылған Астана полиция департаментінің Instagram-дағы парақшасында.

Жақын жерде балықшыларды көрген досы соларға жүгіріп барып, болған жайтты айтып, көмек сұраған. Суға батып бара жатқан балаға балықшылар дереу жеткен. Көмекке келген балықшылардың жедел әрекетінің арқасында суға құлаған бала құтқарылып, кейін жедел жәрдем шақырылған. Қазіргі уақытта баланың жағдайы жақсы. Оқиға орнына полиция қызметкерлері де барған.

Сарыарқа ауданы полиция бөлімінің бастығы Қадыр Малғаздаров досының суға батып бара жатқанын көріп, балықшыларды көмекке шақырып үлгерген 7 жастағы Дарханға ризашылығын білдіріп, марапатын ұсынды. Сондай-ақ ол суға батып бара жатқан баланы құтқарған батырлардың бірі – балықшы Абдужапбар Абдураимовқа да бағалы сыйлық – қол сағатын табыс етті.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/2063914-astanada-esil-ozenindegi-muz-oiylyp-zeti-zasar-bala-suga-qulap-ketti/

pixel