Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Талдықорғанда Lexus ағашқа соғылды: үш адам жансақтау бөліміне түсті (видео)

Опубликовано:

Жол-көлік оқиғасы
Жол-көлік оқиғасы. Видеодан кадр: instagram.com/p/C39FcsJiD73/

Талдықорғанда жол апатыынан үш жігіт зардап шекті. Олар отырған жатқан Lexus көлігі ағашқа соғылған, деп хабарлайды Жетісу облыстық полиция бөліміне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Ведомствоның Instagram-дағы ресми парақшасындағы хабарына қарағанда, жол апаты 1 наурызға қараған түні болған.

"Талдықорған қаласында Жансүгіров көшесімен келе жатқан Lexus ES300 көлігінің 22 жастағы жүргізушісі тізгінге ие бола алмай, ағашқа соғылған", - деп хабарлады облыстық полиция департаментінің өкілдері.

Оқиға салдарынан жүргізуші мен екі жолаушы түрлі дене жарақатымен қалалық көпсалалық аурухананың жансақтау бөліміне жатқызылған.

Оқиғаға қатысты қажетті сараптамалар тағайындалып, қылмыстық іс қозғалды. Көлік арнайы тұраққа қойылған.

Бұған дейін желіде Талдықорғандағы көлік көп жүретін жолдың ортасында жол талғамайтын көліктердің жарысы түсірілген видео тараған болатын.

ПД хабарына қарағанда, қызметкерлер қолданыстағы заңнамаға сәйкес шаралар қабылдау үшін автокөлік пен оның иесін анықтау жұмысын бастаған.

Ақпанның басында Талдықорғандағы "Еркін" ықшамауданында жолаушылар көлігі мен жолаушылар автобусы соқтығысқан жол апаты болды. Полицияның мәліметінше, жол апатына Isuzu Saz автобусымен бетпе-бет соқтығысқан Nissan Cefiro жүргізушісі кінәлі болып шыққан.

Кейін автобуспен апатқа себепкер болған жүргізуші қамауға алынғаны белгілі болды. Медициналық сараптамадан ер адам орташа дәрежеде мас болғаны анықталған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/2063957-taldyqorganda-lexus-agasqa-sogyldy-us-adam-zansaqtau-bolimine-tusti-video/

pixel