Алматыда әйел адам көпқабатты үйден құлап кетті
Жарияланған күні:
Алматыдағы көпқабатты үйлердің бірінде төтенше жағдай орын алды. Әйел адам жоғарғы қабаттан құлап кетті. Қалалық полиция департаменті аталған оқиғаны растап, оған қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.
Оқиға орнындағы видео бірден бірнеше Telegram-каналдарда пайда болды. Бейнежазбада төтенше жағдай орнында жедел жәрдем қызметі жұмыс істеп жатқанын көруге болады. Оған қоса келіншектің қасына көп адам жиналып алған.
Алматы қаласының полиция департаменті оқыс оқиғаға қатысты пікір білдірді.
"Аталған жайтқа қатысты Алмалы ауданының ПБ полиция бөлімшесі сотқа дейінгі тергеу амалдарын бастады. Оқиғаның мән-жайы анықталады", - деді ведомство өкілдері.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/2064061-almatyda-aiel-adam-kopqabatty-uiden-qulap-ketti/
Егер сіздің лақапатыңыз ережелердің талаптарына сәйкес келмесе, оны 4 қазанға дейін өзгертіңіз. Әйтпесе, ол автоматты түрде ауыстырылады.