Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

БҚО-да ажырасқан әйел күйеуін өлтіру үшін адам жалдаған

Опубликовано:

Киллер
Көрнекі фото: pixabay.com

Батыс Қазақстан облысында дүние-мүлкін бөліске салғысы келмеген 40 жастағы әйел күйеуін өлтіру үшін адам жалдаған. Алайда полиция қызметкерлері күдіктілерді дер кезінде ұстап, қастандықтың алдын алған, деп жазады КТК арнасы.

Белгілі болғандай, оқиға Ақсай қаласында орын алған. Келіншек 43 жастағы кәсіпкер күйеуін тапсырыспен өлтірмекші болған.

Айырылысып кеткен ерлі-зайыпты арасында 12 жастағы бала кімнің қамқорлығында қалады деген дау туындайды. 40 жастағы әйел отбасындағы кикілжіңді шешу үшін ауыр қылмысқа баруға дайын болған. Ол күйеуін өлтіру үшін адам жалдап, оған 1 миллион үш жүз мың теңге берген. Қалған 700 мың теңгені тапсырыс орындалған соң төлеуге келісіпті.

Алайда полицейлер 33 жастағы киллерді қылмыс жасамай тұрып қолға түсірді. Енді ол 20 жыл бас бостандығынан айрылуы мүмкін.

"Жалпы тапсырыс беруші ұйымдастырушыға шамамен 2 миллион теңге қаражат бермекші болған. Күдіктілер ұсталды. Сот санкциясымен оларға қатысты қамауда ұстау, бұлтартпау шарасы таңдалды. Қылмыстық іс "кісі өлтіруге оқталу" фактісі бойынша тергеліп жатыр. Қазір жәбірленушінің өміріне ешқандай қауіп жоқ", - деді БҚО ПД бастығы Арман Оразалиев.

Дереккөз: КТК.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/2064080-bqo-da-azyrasqan-aiel-kuieuin-oltiru-usin-adam-zaldagan/

pixel