jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Аида Тақабаева
    Аида Тақабаева
    Бұрынғы қызметкер

    Астана тұрғыны Моңғолиядан көлік әкеп берем деген желеумен 15 адамды алдап кеткен

    кісен
    Кісен. Көрнекі фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

    Транзиттік нөмірлері бар көліктерді автосалон арқылы сатып алуға уәде берген елорда тұрғыны жәбірленушілерден ақша алып, өз қалауы бойынша жұмсап үлгерген. Оның үстінен "алаяқтық" бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Бұл туралы Астана полиция департаментіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

    Ведомствоның баспасөз қызметінің мәліметінше, бірнеше айдың ішінде Астана тұрғыны Моңғолия Республикасынан көлік жеткіземіз деген желеумен 15 адамды алдап кеткен.

    Күдіктіден Астана, Павлодар және Қарағанды облыстарының тұрғындары зардап шеккен.

    "Транзиттік нөмірлері бар көліктерді автосалон арқылы сатып алуға уәде берген азамат жәбірленушілерден ақша алып, өз қалауы бойынша жұмсап үлгерген.

    Ол ақшаның бір бөлігін тұтынушыларға көлік сатып алуға жұмсап, ал қалғанын ысырап жасаған", - дейді полицейлер.

    Полицейлерге Қарағанды облысының тұрғыны хабарласып, көлік сатып алу үшін елорданың тұрғынына 21 миллион 700 мың теңге ақша бергенін айтқан. Тағы бір адамнан 3 миллион 300 мың теңге алған.

    Жедел іздестіру шараларын ұйымдастыруға жұмылған "Алматы" аудандық криминалдық полиция бөлімінің қызметкерлері алаяқтық қылмысына қатысты деген күдікпен қала тұрғынын ұстаған.

    "Қазіргі уақытта ұсталған ер адамның үстінен "алаяқтық" бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды.

    Ол кінәсін мойындап, Полиция департаментінің уақытша ұстау изоляторына жеткізілді", - делінген хабарламада.

    Астана полиция департаменті азаматтарды қырағы болуға, күмәнді ұсыныстарға сенбеуге және бейтаныс адамдарға ақша аудармауға кеңес береді.

    Астана тұрғыны Моңғолиядан көлік әкеп берем деген желеумен 15 адамды алдап кеткен

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.