Өскеменде тұрғын үйдің үшінші қабаты өртеніп, күйік шалған тұрғынның денесі табылды
Жарияланған күні:
Өскеменде тұрғын үйдің үшінші қабатынан өрт шығып, күйік шалған тұрғынның денесі табылды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ ТЖМ-ге сілтеме жасап хабарлайды.
Өскемен қаласындағы Бажов көшесі бойындағы бес қабатты тұрғын үйдің үшінші қабатынан өрт шықты.
"Өрттің ауданы 13 шаршы метр. Өрт орнында денесін күйік шалып, қаза тапқан 1986 жылы туған тұрғынның денесі табылды", - делінген хабарда.
Айта кетейік, 27 ақпанда Ұлытау облысындағы Томсықор қыстауында жеке тұрғын үйде үй иесі және оның қонақтары ер адам мен әйел адам көміртегі тотығымен уланып, қайтыс болған еді.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/2064208-oskemende-turgyn-uidin-usinsi-qabatynan-ortenip-kuiik-salgan-turgynnyn-denesi-tabyldy/