Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ұлытау облысында үй иесі мен қонақтары қайтыс болды

Опубликовано:

Пеш
Жекеменшік үйдегі пеш. Көрнекі сурет: ТЖМ баспасөз қызметі

Шымкентте 27 ақпанда қайғылы оқиға болды - қатты отынмен жанатын жылыту пешін пайдалану ережесі бұзылып, үш адам қайтыс болды. Бұл туралы ТЖМ Telegram-арнасына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, 27 ақпан Ұлытау ауданы, Алғабас ауылдық округінің Томсықор қыстауында жеке тұрғын үйде үй иесі және оның қонақтары ер адам мен әйел адам көміртегі тотығымен уланып, қайтыс болды.

"Алдын-ала болжам бойынша уланудың себебі - қатты отынмен жанатын жылыту пешін пайдалану ережелерін бұзу", - делінген хабарламада.

М️амандар өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтау керегін ескертті.

Egov.kz мемлекеттік қызметтер және онлайн ақпарат сайтындағы мәлімет бойынша тұрмыстық газдың шығу себептері:

  • дұрыс орнатылмаған ас үй плитасы немесе вентиляция;
  • ақауы бар газ құрылғыларын пайдалану;
  • қараусыз жұмыс істейтін газ құрылғылары;
  • газ құрылғыларындағы жабылмаған крандар жəне газ баллондарының вентильдері;
  • газ құбырларындағы герметикалық емес шлангілер мен қосылыстар;
  • үй-жайды жылыту үшін тұрмыстық газ құрылғылары мен плиталарды пайдалану;
  • портативті керосин немесе газ жылытқыштар.

Пәтерде газ иісі болса не стеу керек?

  • терезелерді дереу ашып, өтпе жел (сквозняк) ұйымдастырыңыз;
  • газ құбырындағы вентильді жабыңыз;
  • жарықты немесе тұрмыстық техниканы қоспаңыз ұшқын жарылысқа əкелуі мүмкін;
  • пəтердегі электр қуатын өшіріңіз, ал газдың үлкен мөлшерде шығып кетуі жағдайында — кіреберісте өшіріңіз;
  • барлық телефондарды өшіріңіз, өйткені олар "ұшқындайды";
  • сыртқа шығыңыз;
  • 104 телефоны бойынша апаттық қызметке қоңырау шалыңыз;

Кіре берісте газ иісі болса не стеу керек?

  • тұрғындарға ықтимал қауіп туралы ескертіңіз;
  • электр қуатын өшіріңіз;
  • үй-жайдан шығып, 104 телефоны бойынша газ қызметін шақырыңыз;
  • ешкім тұтанған темекімен ішке кірмеуі үшін кіреберісті бақылауда ұстаңыз;

Газдалған бөлмеге кірген кезде оларды автоматты түрде тұтатпау үшін қалтадан сіріңке, оттықтарды тастау керек!

Қатаң тыйым салынады! Газдалған бөлмеде от немесе электр жарығын жағуға. Газ құбырларын жөндеуге тырысуға. Жанып жатқан газды өз бетінше сөндіруге тырысуға (ол жанып тұрған кезде - бұл қауіпсіз). Оттан жанған газ баллонын алып жүруге тыйым салынады. Ол жарылуы мүмкін.

Газ жабдықтары жақсы желдетілетін ауа алмасатын үй-жайда жұмыс істеуі керек!

Газ қызметіне қоңырау шалу үшін 104 нөмірін теріңіз. Құтқару қызметіне қоңырау шалу үшін 112 нөмірін теріңіз.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/2063383-ulytau-oblysynda-ui-iesi-men-qonaqtary-qaitys-boldy/

pixel