ТЖМ: Жер сілкінісінен зардап шеккендер туралы ақпарат түскен жоқ
Жарияланған күні:
4 наурызда Алматыда күшті жер сілкінісі тіркелді. Ведомство өкілдерінің айтуынша, зардап шеккендер туралы ақпарат келіп түскен жоқ, деп хабарлайды Төтенше жағдайлар министрлігі Telegram-дағы ресми арнасында.
"Алматы қаласы ТЖД жеке құрамы "Жиын" сигналы бойынша көтерілді. Зардап шеккендер туралы ақпарат түскен жоқ және жер сілкінісінің салдары туралы мониторинг, ақпарат жинау жүргізілуде", - делінген хабарламада.
Сондай-ақ ТЖД ақпараты бойынша, Алматы, Алматы облысы, Жетісу облыстарында жедел желі телефондары жұмыс істеп жатыр.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/2064317-tzm-zer-silkinisinen-zardap-sekkender-turaly-aqparat-tusken-zoq/