Қазақстанның екі өңірінде жер сілкінісі сезілді
Жарияланған күні:
Бүгін еліміздің екі облысында – Алматы облысы мен Жетісу облыстарында жер сілкінісі сезілді. Бұл туралы Төтенше жағдайлар министрлігі Telegram-дағы ресми арнасында хабарлады.
"Жедел ақпарат бойынша: Алматы облысында - 5 балл, Жетісуда (Талдықорған) - 2 балл", - деп жазады ТЖМ Telegram-дағы ресми арнасында.
Еске салайық, 4 наурызда сағат 11:22 де Алматыда қатты жер сілкінді. Қалада сирена қосылған болатын.
Жер сілкінісінің ошағы Қазақстан аумағындағы Алматы қаласынан оңтүстікке қарай 31 шақырым жерде тіркелген.
Жер сілкінісінің магнитудасы - 6,1. Тереңдігі - 10 км. Қалада 5 балдық жер сілкінісі сезілді. Алматы қаласы ТЖД сағат 11:22-де сирена-дыбыстық сигнал дереу іске қосылып, радиоарналар мен телеарналардан хабар таратылғанын мәлім етті.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/2064322-qazaqstannyn-eki-onirinde-zer-silkinisi-sezildi/