Алматыда қатты жер сілкінді
Жарияланған күні:
Алматыда бүгін, 4 наурызда сағат 11:22 де қатты жер сілкінді. Қалада сирена қосылды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Төтенше жағдайлар министрлігіне сілтеме жасап.
Алдын ала мәлімет бойынша жер сілкінісінің ошағы Қазақстан аумағында Алматы қаласынан оңтүстікке қарай 31 шақырым жерде тіркелген.
Жер сілкінісінің магнитудасы - 6,1.
Тереңдігі - 10 км.
Шамамен қалада 5 балдық жер сілкінісі сезілді.
Алматы қаласы ТЖД сағат 11:22-де сирена-дыбыстық сигнал дереу іске қосылып, радиоарналар мен телеарналардан хабар таратылғанын мәлім етті.
ТЖМ жедел ақпарат бойынша Алматы облысында - 5 балл, Жетісуда (Талдықорған)- 2 балл жер сілкінісі болған.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2064306-almatyda-zer-silkindi/
Егер сіздің лақапатыңыз ережелердің талаптарына сәйкес келмесе, оны 4 қазанға дейін өзгертіңіз. Әйтпесе, ол автоматты түрде ауыстырылады.