Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматы полициясы күшейтілген жұмыс режиміне ауысты

Опубликовано:

Жол қозғалысын реттеп жүрген полицей
Жол қозғалысын реттеп жүрген полицей. Фото: Алматы қалалық полиция департаменті баспасөз қызметі

Алматыда полицейлер күшейтілген жұмыс режиміне ауысты. Қоғамдық тәртіпті 2 мыңнан астам полиция қызметкері қамтамасыз етіп жатыр, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Алматы қалалық полиция департаменті баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ведомство баспасөз қызметінің ақпараты бойынша, патрульдік полиция қызметкерлері, учаскелік инспекторлар, ювеналды полиция мен жедел бөлімшелердің инспекторлары қызметтің күшейтілген нұсқасына ауыстырылды.

Сонымен қатар тергеу-жедел топтар күшейтілді.

Қаладағы жалпы білім беретін мектептер мен медициналық мекемелердің жағдайына ерекше назар аударылған. Алматыдағы жол қозғалысы жағдайы тұрақты әрі полицейлердің бақылауында.

Сондай-ақ полицейлердің айтуынша, солтүстік-оңтүстік-шығыс-батыс бағыттарындағы жол қозғалысы автокөлік қозғалысының артқанына қарамастан, бағдаршамдардың жұмысы бірқалыпты.

Жол қозғалысын реттеп жүрген полицей
Жол қозғалысын реттеп жүрген полицей. Фото: Алматы қалалық полиция департаменті баспасөз қызметі

Жол қозғалысы шиіленісіп кеткендіктен, полицейлер көліктердің қозғалысын басқаруға ауыстырылады. Жанармай құю бекеттері де бақылауға алынған.

Алматы полициясы жол қозғалысына қатысушыларды жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауға шақырады.

Оған қоса азаматтардың мүлкі сақталуын қамтамасыз ету мақсатында әрі қылмыстардың алдын алу бойынша профилактикалық іс-шаралар жүргізілген.

"Алматы полициясы азаматтарды ақпараттық мәдениеттілікке шақырады және тек ресми ақпарат көздерінен алынған мәліметтерге сенуді ұсынады", – деп жазады Алматы қалалық полиция департаменті баспасөз қызметінде.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/2064338-almaty-policiyasy-kuseitilgen-zumys-rezimine-auysty/

pixel