Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Түркістан облысында теміржол көпірінің қоршауы құлады: ҚТЖ-ға айыппұл салынды

Опубликовано:

Өткелдегі қоршаудың құлаған сәті
Өткелдегі қоршаудың құлаған сәті. Видеодан кадр: 24.kz

Түркістан облысында "Қызылсай-Манкент" арасындағы теміржол көпірінің бөлігі опырылған. ПД әкімшілік іс қозғалғанын мәлім етті, деп хабарлайды 24.KZ телеарнасы.

Телеарна тілшілерінің полиция департаменті ақпаратына сілтеме жасап хабарлауынша, "Қазақстан темір жолы" компаниясы жауапкершілікке тартылды. Енді мекеме "жолдарда жұмыс жүргізу, жолдарды күтіп ұстау, теміржол өткелдері және басқа да жол құрылыстары бойынша талаптарды орындамау" бабы бойынша айыппұл төлеуі тиіс. Ақау толық жойылмаса материал сотқа жолданады.

Бұған "Қызылсай-Манкент" арасындағы теміржол көпірі қоршауының опырылып, жолдың көлік жүретін бөлігіне құлағаны себеп болған. Теміржол өткелі - Шымкент пен Сайрам ауданын бөліп тұр және автокөлік нөпірі көп жолдардың біріне жатады. Теміржол көпірінің бір бөлігі аяқ асты құлаған.

Кейінірек темір қоршаудың көлік жүретін жолға құлағаны белгілі болды. Оқиға болған кезде туннельде көлік болмаған. Бірақ куәгерлердің кәдімгідей қорқып қалғаны аңғарылады.

"Баяғыда салынған көпір ғой енді. Мына жерлерден үлкен көліктер, жеңіл машиналар жүреді. Бұл жерде қозғалыс көп. Қалаға келеді, шығады. Кешегі жағдайға байланысты адам болмағаны, машина болмағаны жақсы болды", - дейді жүргізуші Дәуір Өмірзақ.

Телеарна мәліметінше, аталған теміржол өткелі "Қазақстан темір жолы" компаниясының меншігінде. Жауапты мекеме қоршау бекітілген ауыр баннерді көтере алмай құлағанын мәлімдеді. Мамандардың айтуынша, пойыздар мен автокөліктерге қауіп төніп тұрған жоқ.

"Болған жағдайлар теміржол қозғалысына әсер еткен жоқ. Пойыздар қауіпсіздігіне қауіп төнбейді. Жолдардағы поездар қозғалысы тоқтаған жоқ. Жиырма минуттан кейін келген көпір бригадасы автожолдың көлік жүретін бөлігін қоршау сынықтарынан тазартты. Қазіргі уақытта құрылым жиектерін қалпына келтіру жұмыстары жүргізілуде", - дейді Жол және құрылыс филиалы департаментінің бас менеджері Назар Шамшиденов.

Көлік жүргізушілері тарапынан жолдың дәл осы бөлігіне шағым көп түседі екен. Тар болған соң қолайсыздық туындайды. Сайрам ауданы жолаушылар тасымалы және автокөлік жолдары бөлімінің жетекшісі Баймұрза Бейсембаевтың аутыунша, бүгінгі таңда тек жобалау-сметалық құжаттамалары әзірленіп жатыр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/2064518-turkistan-oblysynda-temirzol-kopirinin-qorsauy-qulady-qtz-ga-aiyppul-salyndy/

pixel