Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматыда жолаушылар мінген автобус көпірдің бетон тірегіне соғылды: 4 адам зардап шекті

Опубликовано:

Салон автобуса
Салон автобуса. Иллюстративное фото: NUR.KZ / Владимир Третьяков

Алматыда сейсенбі, 5 наурызда жолаушылар автобусы жол апатына ұшырады. Желіде оқиға орнынан түсірілген кадрлар пайда болды. Полицейлер оқиғаға қатысты түсінік берді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Алматы қалалық ПД баспасөз қызметінінің тілшімізге берген мәліметі бойынша жол апаты 06:45-те болған.

"Жеке тасымалдаушы компанияға тиесілі қоғамдық көліктің жүргізушісі, 1966 жылы туған азамат Сүйінбай даңғылымен солтүстік бағытта келе жатып, Шолохов көшесімен бұрылыста рульге ие бола алмай, кедергіге, атап айтқанда, көпірдің бетон тірегіне соғылған", - делінген хабарламада.

Оқиға салдарынан автобустың төрт жолаушысы жарақат алып, медициналық көмек алған.

ПД мәліметінше, жол-көлік оқиғасы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Тиісті сараптамалар тағайындалды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/2064568-almatyda-zolausylar-mingen-avtobus-kopirdin-beton-tiregine-sogyldy-4-adam-zardap-sekti/

pixel