Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Абай облысында жүк көлігі аударылып, зардап шеккендер ауруханаға жеткізілді

Опубликовано:

Тасжол
Тасжол. Көрнекі фото: 24.kz

Абай облысында 5 наурызға қараған түні Алматы-Өскемен республикалық маңызы бар тасжолда жүк көлігі аударылып, екі адам зардап шеккен. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Төтенше жағдайлар министрлігіне сілтеме жасап хабарлайды.

Ведомство мәліметінше, 5 наурызға қараған түні құтқару қызметіне Алматы-Өскемен республикалық маңызы бар тас жолының 888 шақырымында жүк көлігі аударылып, екі адам зардап шеккені туралы хабарлама келіп түсті.

Оқиға орнына келіп жеткен "Жарма" трассалық медициналық-құтқару пунктінің қызметкерлері ақпаратты растады.

"Дәрігерлер 1989 жылы туған ер адамға алғашқы медициналық көмек көрсетіп, орталық аудандық ауруханасына жеткізді. Екінші адамға медициналық көмек қажет болмады", - делінген хабарламада.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/2064687-abai-oblysynda-zuk-koligi-audaryldy-zardap-sekkender-auruxanaga-zetkizildi/

pixel