Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматыда жерден ыстық су атқылады (видео)

Опубликовано:

Алматыда жерден атқылап жатқан су
Оқиға орны. Видеодан кадр: instagram.com/kris__p__almaty

Алматыдағы Төлебаев көшесінде жерден ыстық су атқылады. Жылу желісінің жарылуынан жақын маңдағы үйлерде ыстық су мен жылу болмай қалған, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Төлебаев пен Әйтеке би көшелерінің қиылысындағы жылу желісі жарылғаны мәлім болды.

"Жарық дер кезінде бітелді, "Алматы жылу желілері" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің апаттық бригадасы жұмысқа кірісті. 1985 жылдан бері жұмыс істеп келе жатқан диаметрі 400 мм болатын құбырдағы ақауды жөндеу үшін Қазыбек би – Панфилов – Әйтеке би – Қонаев көшелерінің шаршысында ыстық су мен жылу беру уақытша тоқтатылды", - дейді "Алматы жылу желілері" ЖШС өкілдері.

Компания өкілдері ақауды қалпына келтіру жұмысы 23:00-ге дейін жүргізілуі мүмкін екенін айтып, тұрғындардан уақытша қолайсыздықтарға түсіністікпен қарауын сұрады.

"Оқыс жағдай туындаған жағдайда (судың, будың шығуы) өз бетінше әрекет етпеңіз және оқиға туралы "Алматы жылу желілері" ЖШС-нің апаттық-диспетчерлік қызметіне тәулік бойы жұмыс істейтін мына телефон нөміріне хабарласыңыз: +7 727 3780665 немесе +7 727341 0777, қызмет сағат 08:00-ден 18:00-ге дейін қоңырау қабылдайды немесе 109-ға хабарлаңыз", - деп ескертті компания өкілдері.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/2064850-almatyda-zerden-ystyq-su-atqylady-video/

pixel