Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Атырауда екі жасөспірім мұз ойығына түсіп кеткен

Опубликовано:

Мұз ойығына түсіп кеткен жасөспірімдер
Мұз ойығына түсіп кеткен жасөспірімдер. Фото: polisia.kz

Бүгін, 7 наурызда Жайық өзенінде екі жасөспірім мұз ойығына түсіп кеткен. Оларды байқаған қалалық полиция басқармасы патрульдік полиция батальонының командирі мен қызметкерлері дереу көмекке келген. Бұл туралы Polisia.kz ресурсы хабарлады.

Судан құтқарушылар жасағы келіп жеткенше патрульдік полицейлер жасөспірімдерге арқан жіп жеткізіп, өз беліне байлап балалардың суға батып кетуіне жол бермеген.

Санаулы уақытта адам өміріне араша түспесе тілсіз жауды жеңе алмайтынын түсінген тәртіп сақшылары мен төтенше жағдайлар департаментінің сүңгуірлері 2007 жылғы жасөспірімдерді дер кезінде жағаға шығарып, жедел-жәрдем шақырылып алғашқы медициналық көмек көрсеткен.

"Ауа райының қолайсыздығына байланысты мұз беттері мен күртік қардың астында, жағалауларда, жарқабақтар мен жылғалардың құйылысы жұқарып, еруіне байланысты адам өміріне қауіп туғызады", - деп ескертті полицейлер.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/2065141-atyrauda-eki-zasospirim-muz-oiygyna-tusip-ketken/

pixel