Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

ШҚО-да бірқатар тонна астық болған элеваторда өрт шықты (видео)

Опубликовано:

ШҚО-дағы элеваторда болған өрт
ШҚО-дағы элеваторда болған өрт. Фото: t.me/qr_tjm

ШҚО-да 20 тонна астық болған элеваторда өрт шықты. Өртті сөндіру жұмыстары жүргізіліп жатыр, деп хабарлайды Төтенше жағдайлар министрлігі Telegram-дағы ресми арнасында.

Ведомство ақпараты бойынша, ШҚО Глубокое ауданының Предгорное ауылындағы элеватордың кептіру бөлімінде өрт шыққан. Кептіргіште шамамен 20 тонна астық бар.

Өрттің алдын ала ауданы – 250 шаршы метр. Өрт шыққан жерге ауданның күштері мен құралдары жедел жөнелтілді.

"ТЖД 50 адам мен 10-ға жуық техника, Васкен ЖШС 6 адам мен 1 бірлік техника жұмылдырылды", – делінген хабарламада.

Сондай-ақ оқиға орнына қосымша өрт сөндіру пойызы шықты.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/2065215-sqo-da-birqatar-tonna-astyq-bolgan-elevator-ortendi-video/

pixel