jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    18+
    Ардақ Құлтай
    Ардақ Құлтай
    Бұрынғы қызметкер

    Ақмола облысында өртенген қоймадан 10 газ баллоны шығарылды

    Газ баллондары
    Газ баллондары. Фото: ҚР ТЖМ баспасөз қызметі

    Целиноград ауданы, Талапкер ауылында 100 шаршы метр алаңда техниканы сақтауға арналған шағын бөлмеде өрт болды. Қойма күзетшісі ауруханаға жеткізілді. Бұл туралы Төтенше жағдайлар министрлігінің Telegram-дағы арнасына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

    Өрт бүгін, 9 наурызда сағат 02.26-да шыққан. Оқиға орнына дереу Ақмола облысы ТЖД жеке құрамынан 4 құтқарушы және 1 техникасы Астана қалалық ТЖД жеке құрамынан 14 құтқарушы және 3 техникасы жөнелтілді.

    "Өртсөндірушілер үйлесімді және кәсіби сауатты әрекеттерінің арқасында өрттің газ-жанармай құю станциясының моноблогына таралуын мүмкіндік бермеген, сондай-ақ 2 Камазды, 2 тиегішті және 1 газ тасымалдағышты өрттен құтқарды, 10 газ баллон шығарылды", - делінген хабарда.

    Өрт сағат 03.24-те оқшауланды, сағат 03.54-те жойылды. Өрт сөндіру бөлімшелері келгенге дейін қойма күзетшісі ЖМЖБ-мен Астана қалалық №1 ауруханаға жеткізілді.

    Тілсіз жаудың шығу себебі анықталып жатыр.

    Өрт шыққан қойма
    Өрт шыққан қойма. Фото: ҚР ТЖМ баспасөз қызметі

    Ақмола облысында өртенген қоймадан 10 газ баллоны шығарылды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.